АСТАНА. 13 мамыр. Кеше түнде УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында «Бавария» мен «Барселона» арасында қарымта кездесу өтті. Мюнхенде болған ойында «Бавария» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда, екі ойын қорытындысы бойынша финалға берілер жолдамаға «Барселона» ие болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Матч аса тартысты өтті. Апта бұрын «Барселонаның» алаңында өткен ойында каталониялықтар 3:0 есебімен жеңгені белгілі. Өз алаңында қарымта қайтаруды көздеген «Бавария» ойыншылары алғашқы минуттардан-ақ тізгінді қолдарына алды. Дегенмен, жалпы нәтиже олар ойлағандай болмады.
Ойын барысында статистикалық көрсеткіштер бойынша Германия командасы айтарлықтай басымдық танытты. Мәселен, допқа иелік ету көрсеткіші немістердің пайдасына 53% – 47% болып тіркелді. Ал қақпаға жасалған соққы жөнінен «Бавария» ойыншылары қарсыластарынан 4 есе артық нәтиже көрсетті (20:4). Соның ішінде алаң иелері 8 соққыны қақпаға тура бағыттаса, қонақтар сондай 4 соққымен жауап қайтарды. Бұрыштама добы бойынша да Хосеп Гвардиоланың шәкірттері алда болды (5:1).
Бұл ойында жеңілгеніне қарамастан, «Барселона» финалға жолдама алды. Бұл – Испания командасы үшін 8-ші финал. Бұған дейін олар Чемпиондар лигасын 4 мәрте жеңіп алған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: championat.com.
«Бавария» (Мюнхен, Германия) - «Барселона» (Барселона, Испания) 3:2 (1:2)
Бірінші ойынның есебі: 0:3
12 мамыр. Мюнхен. «Альянц-Арена» стадионы. 75 000 көрермен.
Төрешілер: Марк Клаттенбург, Саймон Бэк, Джейк Коллин (үшеуі де Англия).
«Бавария»: Мануэль Нойер, Рафинья, Мехди Бенатиа, Жером Боатенг, Филипп Лам (Себастьян Роде 68), Хуан Бернат, Бастиан Швайнштайгер (Хави Мартинес 87), Хаби Алонсо, Тьяго Алькантара, Томас Мюллер (Марио Гетце 87), Роберт Левандовски.
«Барселона»: Марк-Андре тер Штеген, Дани Алвес, Хорди Альба, Херард Пике, Хавьер Маскерано, Серхио Бускетс, Иван Ракитич (Жереми Матье 72), Андрес Иньеста (Хави), Луис Суарес (Педро Родригес 46), Лионель Месси, Неймар.
Голдар: Мехди Бенатиа 7, Роберт Левандовски 59, Томас Мюллер 74 – Неймар 15, 29.
Ескертулер: Рафинья 40, Тьяго Алькантара 45+2, Роберт Левандовски 76, Хаби Алонсо 81, Себастьян Роде 84 – Иван Ракитич 64, Педро Родригес 85.