КӨКШЕТАУ. 26 наурыз. Ақмола облысында аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі өзінің кабинетінде отырып, табельдік қарумен атылып өлді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Ақмола облысында ішкі істер бөлімінің тергеушісі кезекшілікте отырғанында атылып өлді», - делінген хабарламада.
Оқиға 24 наурыз күні Ақмола облысы Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінде орын алған. Осында 24 жастағы тергеуші әйел өзіне өзі қол жұмсаған.
«Тергеуші кезекшілік кезінде өзінің кабинетінде табельдік қарумен атылып қалған», - делінген хабарламада.
Целиноград аудандық әкімдігіндегілер марқұмның өлер алдында жазып кеткен хаты бар екенін айтты. Әкімдіктегілердің алдын ала болжамы бойынша, суицидке әйелдің отбасындағы жанжалы себеп болған сияқты.
«Аталған факт бойынша тергеу амалдары жасасып жатыр. Оқиға орнында комиссия жұмыс жасауда», - дегенді қосты бұған әкімдіктегілер.
Бақберген Амалбек.
Мәнбе: Ақмола облысы, Целиноград аудандық әкімдігі.