• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2015

Маңғыстауда ана мен бала өлімі үшін айыпталған дәрігерлерге үкім шықты

299 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 26 наурыз. Маңғыстауда ана мен бала өлімі үшін айыпталған дәрігерлерге үкім шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Босануға келген Қалима Бисенова «кесарево» тілігін жасау үшін дәрігерлер талап еткен қаржыны төлегенмен, дәрігерлер тарапынан шұғыл көмек болмаған. Нәтижесінде, әлсіреген ана мен бала ота үстелінде жан тапсырған. Осыдан соң «өз жұмысына салғырт қарау салдарынан адам өліміне әкеліп соқтырған» деп айыпталған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Үкім бойынша Ақтау қалалық перзентхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы болған Жәмилә Керімбекова шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 жыл медициналық қызметпен айналысуына тыйым салынды. Ал босану бөлімшесінің меңгерушісі Сағира Аймекен мен анестезиолог Сүндет Сарбасовтың 2 жылға бас бостандықтары шектелді. Бұлар жұмыс орындарында қала бермек. 6 миллион теңге моральдық шығынды үшеуі жәбірленушіге өзара бөліп төлеуі тиіс. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz