АТЫРАУ. 13 тамыз. Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты 6 жасар қыз баланы алдап, азғындық әрекет жасаған 30 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қылмыстық іс материалдарында анықталғандай, нәпсіқұмар бүлдіршінге балмұздақ пен сағыз алып беріп, танысының үйінің ауласында орналасқан әжетханаға алдап кіргізген. Сол жерде сәбидің қорғансыздығын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Сотта педофиль өз кінәсін толықтай мойындады. Оған Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен (Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) айып тағылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азғын педофил жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады», – деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.