• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 14:21

Президент мемлекет пен жеке серіктестікті белсенді пайдалануды тапсырды

10 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестициялық келісімдердің орындалуына қатысты талапты күшейтуді тапсырды. Мемлекет басшысы шетелге жасаған сапарлар мен инвесторлармен кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты іске асуына баса мән беру қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, былтырдың өзінде коммерциялық келісімдердің жалпы құны шамамен 75 млрд долларға жеткен. Сондықтан қол қойылған құжаттардың орындалуын созбалаңға салуға жол берілмейді.

«Жұмысты созбалаңға салу және қол қойылған келісімдерді орындамау деген мәселе болмауға тиіс. Бұл жұмысты орындауға Президент Әкімшілігі де жауапты», деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы: Инфляцияны ойға қонымды деңгейге түсіру қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін жұмыс қарқынының бәсеңдеп кететінін сынға алды. Оның айтуынша, келісімдерге дейін белсенділік байқалып, одан кейін ведомстволар арасындағы бітпейтін келісу үдерістері басталады.

«Үкімет мейлінше дербес болуды сұрады, дербестік берілді, енді іс жүзінде соны дұрыс қолдануы керек. Мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғару керек», деді Президент.

Тоқаев: Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті

Мемлекет басшысы әрбір келісім алдын ала сапалы дайындалып, орындалу мерзімі нақты айқындалуы тиіс екенін қадап айтты. Нәтиже үшін бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктелетінін де атап өтті.

Президент инвесторлар алдындағы міндеттемелерді толық орындау елдің сенімі мен іскерлік беделін қалыптастыратынын айтты. Оның сөзінше, Үкімет Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көтеріп, бәсекелік артықшылықтарын дамытуға жүйелі түрде көңіл бөлуі тиіс.

Президент Үкіметке бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізуді тапсырды

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекет пен жеке серіктестік тетігінің мүмкіндіктеріне тоқталды. Оның пікірінше, бұл механизм экономикаға инвестиция тартудың маңызды құралдарының бірі саналады.

«Мемлекет пен жеке серіктестік – инвестициялық тәуекелді мемлекет пен бизнес арасында тиімді бөлуге мүмкіндік беретін тетік. Бірақ елімізде бұл әлеует дұрыс игерілмей отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент инфрақұрылымдық жобалардың басым бөлігі әлі де тікелей бюджет қаржысына тәуелді екенін, ал жеке капитал, банк секторы мен халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуы жеткіліксіз екенін атап өтті. Бюджет мүмкіндігінің шектеулілігі көптеген инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтіріп отыр.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет пен жеке серіктестіктің де өз құны бар. Алайда ол өзін-өзі ақтаса, Үкімет бұл механизмді белсенді қолдануы керек. Қажет болған жағдайда заңнамаға да тиісті өзгерістер енгізуге болады.

Президент Үкіметке инвестициялық жобаларды іске асыруда нақты нәтижеге бағытталған, жауапкершілігі айқын жүйе қалыптастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар