• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 15:22

Қысқы Олимпиада: Шаңғышылар спринт сынында іріктеуден өте алмады

10 рет
көрсетілді

Бүгін Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысының спринт бағдарламасы бойынша жүлделер сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл сайыстың іріктеу кезеңіне ел атынан Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко шықты.

Келесі кезеңге өту үшін іріктеу қорытындысы бойынша үздік 30 спортшының қатарына ену қажет еді. Отандастарымыз бұл межеден көріне алмады.

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?

Нәтижесінде Дарья Ряжко 55-ші орын, Анна Мельник 58-ші орын, Надежда Степашкина 63-ші орын, ал Ксения Шалыгина 72-ші орын иеленді.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені швециялық Линн Сван көрсетті.

Айта кетейік, бұл сыннан бөлек ел құрамасы бүгін 5 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

 

Соңғы жаңалықтар