• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 15:23

Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді

30 рет
көрсетілді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарасын білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Серік Егізбаев бұл құжаттың елдегі өзекті қоғамдық сұраныстарға толық жауап беретінін, азаматтардың талап-тілегі ескерілгенін айтты.

«Талқылау барысында қоғамнан келіп түскен мыңдаған ұсыныс ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін, мемлекеттік басқарудың бағыт-бағдарын айқындайтын жаңа Конституциямызды халықтың шешіміне ұсынғалы отырмыз», деді ол.

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

Оның сөзінше, құжаттың негізінде адам және адами құндылықтар, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жатыр.

Мұнымен қоса, спикер «Ауыл» партиясының тарапынан республика өңірлерінде Конституция жобасын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін жеткізді.

«Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Шымкент және өзге де өңірлерде халықпен кездесулер ұйымдастырылып, елдің пікірі толық ескерілді», деді «Ауыл» партиясының төрағасы.

Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

Оның айтуынша, ауыл тұрғындары ұсынылып отырған өзгерістерді құр заңнамалық түзетулер ретінде емес, өздерінің тұрмыс-тіршілігіне нақты ықпал ететін өмірлік маңызы бар қадамдар деп қабылдап жатыр. Кездесулер барысында азаматтар бұл бастаманың тағдырын халықтың өзі айқындауы қажет деген ортақ ұстаным білдіріп, құжатты жалпыхалықтық шешім арқылы бекітудің маңызы ерекше екенін атап өткен.

«Осы орайда кездесулерде барлық азамат бір ауыздан бұл құжатты халықтың шешімімен бекітетін уақыт жеткенін жиі айтты. Сондықтан, Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамын. Отандастырымызды жаңа Конституциямызды қолдауға шақырамын», деді Серік Егізбаев.

Аида Балаева: Конституциялық реформалар қоғамды жан-жақты жаңғыртудың берік негізін қалыптастырады

Соңғы жаңалықтар