• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 15:57

Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасында өтпелі ережелер нақтыланды

20 рет
көрсетілді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Ата заң жобасына енгізілген қосымша нормалар таныстырылды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Негізгі басымдықтардың бірі тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігін күшейтуге арналды. Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Конституцияның 28-бабының 1-тармағына енгізілген толықтырулар тек тұрғын үйден айыруға ғана емес, сот шешімінсіз тұрғын үйден шығаруға да тыйым салуды көздейді. Сонымен қатар тұрғын үйге басып кіру, оны қарап-тексеру немесе тінту тек заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана мүмкін болады.

Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді

Отырыста жаңа Конституцияның күшіне ену мерзімдері мен 1995 жылғы Конституцияның қолданысын тоқтату тәртібін айқындайтын нормалар да қосымша қарастырылғаны айтылды. Сондай-ақ бірқатар ережелер бір палаталы Құрылтайға көшу және оны сайлау мәселелерін реттеуге бағытталған. Спикердің сөзінше, нормалардың тағы бір бөлігі лауазымды тұлғаларды тағайындау тәртібі мен жаңа мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысты.

«Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың бұрын қабылданған нормативтік қаулылары Ата заңға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайтынын атап өткім келеді», деді Бақыт Нұрмұханов.

Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері нақты жазылады

Сөз соңында ол Конституция жобасының мәтіндері мұқият пысықталғанын жеткізді.

«Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндер барынша жетілдірілді. Терминологиялық және семантикалық бірізділік қамтамасыз етілді. Құқықтық нормалар қолжетімді, мазмұны баршаға түсінікті етіп жазылған. Бұл бағытта заңгерлер мен лингвист мамандардан құралған жұмыс топтары ауқымды жұмыс атқарды. Жаңа Конституцияның пысықталған жобасы Комиссия мен жұмыс топтарының отырыстарында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің азаматтармен және заң қоғамдастығы өкілдерімен өткізген кездесулерінде де оң пікірлер айтылды», деп түйіндеді ол.

 Ассамблея жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Соңғы жаңалықтар