Шахматтағы ең жоғары атақ – гроссмейстер. Оған жету жолында үздіктермен сайысып, бірнеше кезеңнен өту керек. АҚШ шахматшысы Абхиманью Мишра осы атаққа 12 жас 4 ай 25 күнінде қол жеткізіп, әлемдік рекорд орнатты.
Ол 2021 жылдың 30 маусымында, Мажарстанның Будапешт қаласында өткен турнирде қарсылас шақ келтірмей, тарихтағы ең жас гроссмейстер атанды. Бұл рекорд жетістікке жетуге ең әуелі жас мөлшері емес, табанды еңбек пен өз саласына деген асқан махаббаттың шешуші рөл атқаратынын дәлелдеді.