• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 17:56

Олимпиада-2026: Александра Скороходова нешінші орынға табан тіреді?

30 рет
көрсетілді

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысының супер гигант бағдарламасынан жүлдегерлердің есімі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Ел атынан бұл бәсекеде Александра Скороходова жарыс жолына шығып, төртжылдықтың басты додасында дебют жасады. 

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жарыс барысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 17 спортшы мәреге жете алмаған. Ол тізімде 7 Олимпиада чемпионы мен 1 әлем чемпионы бар. Десе де отандасымыз Александра Скороходова мәре сызығын 25-ші болып кескен.

Тау шаңғысы жарысында жергілікті италиялық спортшы Федерика Бриньоне алтын медаль иеленсе, Франция өкілі Романи Мирадоли екінші тұғырдан көрінген. Үздік үштікті Аустрия спортшысы Корнелия Хюттер түйіндеген.

Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Айта кетейік, бүгін могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар