• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2015

Қазақстан vs Исландия: бас қазы белгілі болды

342 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 наурыз. Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан келесі ойынды Исландияға қарсы өткізетіні белгілі. Сол матчта қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Сонымен 28 наурызда өтетін ойынға Грекиядан келген төрешілер қызмет көрсетеді. Бас төреші Тасос Сидиропулос. Қос қапталда ойын тәртібін Дамианос Эфтимиадис пен Полихронис Костарас қадағалайды. Төртінші төреші Христос Акривос. 35 жастағы Тасос Сидиропулос Еуропадағы тәжірибелі төрешілердің бірі. Көбіне еурокубок бәсекелерінде қазылық жасайтынын айта кетейік. Қазақстан мен Исландия құрамаларының ойыны 28 наурызда «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты сағат 21:00-ге жоспарланған. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: telegraf.com.ua.
Соңғы жаңалықтар