• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:47

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 13 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Кей аймақтарда көктайғақ, тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда кей уақытта көктайғақ пен тұман болады.

Шымкентте жауын-шашын түсіп, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында тұман түседі. Аягөз ауданында оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аймақтарында кей уақытта қалың қар жауады. Батысы, оңтүстігі және таулы өңірлерінде көктайғақ, ал солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қалың қар жауып, тұман мен көктайғақ сақталады. Кей жерлерде жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Жетісу облысында таулы жерлерде, күндіз оңтүстік және орталық бөлігінде жолдарда көктайғақ болады. Алакөл маңында желдің жылдамдығы кей уақытта 28 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, кей аймақтарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде көктайғақ, күндіз кей жерлерде қатты жел күтіледі.

Түркістан облысында батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде жаңбыр мен қар жауады, таулы аймақтарында кей уақытта қалың қар түседі. Тұман мен көктайғақ та болжанып отыр.

Ұлытау облысының батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман күтіледі, жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

 «-35 және +15 градус»: Ақпанда ауа райы қандай болады

Соңғы жаңалықтар