• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Ақпан, 2026

13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

30 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Мерке – Шу – Бурылбайтал» автожолының 156-268 шақырым аралығында (Бірлік ауылынан Бурылбайтал ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.

Жылдамдыққа шектеу қойылған учаскелер

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жолда жылдамдық режимі өзгертілді:

Қарағанды облысы:

«Астана – Қарағанды – Алматы» (KAZ 01) автожолының 92-164 шақырымы (Анар станциясы – Теміртау ақылы жол бекеті).

Ақмола облысы:

«Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу бекеті)» (KAZ 02) автожолының 18-232 шақырымы.

Жабық жолдар

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі жол учаскелерінде қозғалыс уақытша шектелді:

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды

Алматы облысы:

«Қонаев – Күрті» автожолы, 0-67 км (Қонаев қаласы – Күрті ауылы);

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 2295-2436 км (Ақсеңгір/Ақсай ауылы – Қаншеңгел ауылы аралығы);

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 59-143 км (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысы шекарасы).

Жамбыл облысы:

Аталған халықаралық дәліздің 143-214 км (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы);

159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы);

238-476 км (Тараз қаласы – Қайнар ауылы);

476-534 км (Тараз қаласының айналма жолы);

534-593 км (Айша-бибі ауылы – Түркістан облысы шекарасы).

Түркістан облысы:

Сол автожолдың 593-654 км (Жамбыл облысы шекарасы – Машат кенті).

Павлодар облысы:

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) көпір құрылымының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы:

Осинов асуында (46-66 км, Северный ауылы бұрылысы – Серебрянск қаласы бұрылысы) 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде көктайғақ, тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жел күтіледі.

Соңғы жаңалықтар