• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Белгілі Lenovo компаниясы 3 мың жұмысшысын қысқартпақшы

286 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 тамыз. Қытайдағы қиын экономикалық жағдай ірі компьютер өндіруші компанияны да тығырыққа тіреді. Атап айтқанда, әлемге белгілі Lenovo компаниясы қаржылық қиындыққа байланысты 3 мың қызметкерін жұмыстан шығаруға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Компания басшылығы мұндай әрекетін кәсіпорын табысының 51 пайызға дейін төмендеп кетуімен түсіндіруде. Қазіргі таңда әлем бойынша Lenovo шығарған дербес компьютерлер мен планшеттердің сатылымы айтарлықтай қысқарды. Одан бөлек, компания табысының азаюына ұлттық валютаның құлдырауы да себеп болуда. Сондықтан осындай қадамға барған компания өкілдері штатты қысқарту арқылы жыл сайын 1 млрд. 350 млн. долларды үнемдейтіндерін жеткізді. Еламан Қоңыр. Дерек: 24.kz. Сурет: lenovo.com.