• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 14:54

Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты

20 рет
көрсетілді

Алматыға 2025 жылдың 9 айы ішінде шамамен 1,87 млн адам келген (былтырғыдан 8% артық). Қалалық Туризм басқармасының өкілдерінің айтуынша, олардың 563 мыңнан астам шетелдік, ал 1,3 миллионы ішкі турист, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің дерегінше, саланың инвестициясы 39,4%-ға өсіп, 198,8 млрд теңгеге жетті. Жеке инвестиция есебінен 941 нөмірлі қонақ үйлер, жатақханалар және демалыс базалары бар 48 жаңа нысан ашылды.

Алматы халықаралық деңгейде танылып келеді. Мысалы, Bloomberg бойынша қала әлемнің 25 үздік қаласының қатарына енді, ал Booking.com дерегінше, Орталық Азияның тез дамып келе жатқан 10 туристік бағытының бірі. CNN және The Telegraph қаланы аймақтың негізгі туристік нүктесі ретінде атап отыр.

Алматы тауларына турист тартуды тәулігіне 5 есеге көбейту көзделіп отыр

Іс-шара туризмі де жаңа деңгейге жоғарылаған. Мәселен, «ALA CRAFT 2025» халықаралық қолөнер фестивалі 15 елден шеберлерді жинаса, іскерлік MICE – іс-шараларға әлемнің түкпір-түкпірінен 5,7 мыңнан астам адам қатысқан.

Шымбұлақ биылғы жаңа маусымын Après Ski дәстүрімен бастады

Қала инфрақұрылымының да дамуы жалғасып жатыр. Мысалы, «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жаңартылды, 10 туристік маршрут көркейтілді, күн панельдері бар кемпингтер мен тауға шыққанда есепке алатын құрылғы орнатылды. Туристер үшін 110 нысанға аудио нұсқаулық дайындалды, 27,5 мың буклет шығарылды, сондай-ақ негізгі көрікті жерлердің 5 тактильді моделі жасалды.

Алматы облысында жылына 600 мың турист қабылдайтын әйнек көпір салынады

Соңғы жаңалықтар