• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2015

Президенттікке үміткерлердің үгіт-насихат жүргізу кезеңі басталды

397 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 наурыз. Бүгін президенттікке үміткерлердің үгіт-насихат жүргізу науқаны басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz хабарлады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, алдағы 30 күннің аралығында кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы теледидар мен радиода және баспасөз беттерінде жарияланатын болады. Сонымен қатар, үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, спорттық шараларды ұйымдастыруға құқылы. Алайда, осы аралықта кандидаттарға әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізуге, азаматтарға сыйақы беруге тыйым салынады. Үгіт жұмыстарына әскерилер, сот немесе құқық қорғау органдар мен мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатыса алмайды. Насихат жұмыстары 24 сәуірде тоқтатылады. Конституция талаптарын орындамағандар заң алдында жауап береді. Айта кететін жайт, үгіт жұмыстарын жүргізу үшін кандидаттарға республикалық бюджеттен теңдей қаражат бөлінді. Шығыстардың жалпы көлемі 7 миллион 10 мың теңгені құрайды. Шетелдік мемлекеттерден 133 халықаралық ұйым, БАҚ өкілдері сайлауға байқаушы ретінде қатысуға құқылы. «Бағдарламаны теледидар арқылы баяндау 5 миллион 250 мың теңге сомасында, екінші бағдарламаны радио арқылы баяндау 200 мың теңге сомасында, үшінші баспа басылымдарына 2 мақала жариялау 810 мың теңге, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай жалдау 200 мың теңге сомасында. Үгіттік баспа материалдарын басып шығару 250 мың. Көлік шығындары 300 мың теңге», - деп атап көрсетті Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов. Сәкен Майлыбай.