• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 16 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты елдің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Солтүстік Қазақстан облысында облыстың батысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Петропавлда күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Көкшетауда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Қостанайда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Қонаевта түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Алматыда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада 16 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метр болуы мүмкін. Атырауда тұман күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болады.

Жамбыл облысында оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Таңертең және күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазғанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метр болады. Қарағандыда күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. 

Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

Павлодар облысының батыс жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Жел батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-18 метр болады.

Соңғы жаңалықтар