АСТАНА. 13 тамыз. Қытайда соңғы 20 жыл ішіндегі ең ауқымды девальвация болды. Бұл туралы tribuna.ru хабарлады.
Қытайдың Халық банкі юаньді 1,9 пайызға құнсыздандырды. Олардың мәлімдеуінше, девальвация бір-ақ рет өткізіледі және қайталанбайды. Бұл шара юань айналымын нарықтық еркіндікке бағыттауға көмектеседі деп күтілуде.
Бұған дейін Қытайдың Халық банкі юаньнің ары кетсе 2 пайызға ғана ауытқуына жол беретін анықтамалық бағамын енгізген болатын.
Соңғы реті Қытайда девальвация 1994 жылы жүргізіліпті.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: tribuna.ru.
Сурет: reuters.com.