• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:12

Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді

0 рет
көрсетілді

Бүгін сағат шамамен 15:11-де Алматы қаласы мен Алматы, Жетісу облыстарында жер сілкінісі тіркелді. ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС мәліметінше, аталған аймақтарда жер сілкінісі 2-4 балл аралығында сезілген, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісінен кейін ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпі бар учаскелерге мониторинг жүргізген. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстары жүргізілген.

ТЖМ мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша нысандарға зақым келмеген. Сондай-ақ аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Басқа да ғимараттар әкімшіліктерінен нысандардың қирауы мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.

Бұған дейін 5 ақпан күні Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген еді.

Соңғы жаңалықтар