• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 18:11

ЕҚЫҰ Конституциялық реформаларды қолдайды: Астанада дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізілді

10 рет
көрсетілді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Алексей Рогов еліміздің жаңа Конституциялық жобасы жайлы дипломатиялық корпусқа арналған брифингке қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу барысында құжаттың негізгі ережелері таныстырылды, соның ішінде адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту, мемлекеттің зайырлылық қағидатын бекіту, сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау және халықаралық міндеттемелерді орындау нормалары қамтылды. «Астанадағы Бағдарламалар офисі мандатына сәйкес реформаларды ілгерілету мақсатында қабылдаушы елдің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ барлық ұлттық серіктестермен және мүдделі тараптармен ынтымақтастықты жалғастыруға өз міндеттемелерін растайды», делінген хабарламада.   Халықаралық қауымдастық Конституциялық реформаның ашықтығын бағалады Конституциялық реформа бизнестің де өрісін кеңейтеді
Соңғы жаңалықтар