• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 12:40

Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды

10 рет
көрсетілді

Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестердің Үйлестіру орталығының отырысы өтеді. Іс-шараға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің төрағалары, сондай-ақ уәкілетті органдардың өкілдері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн тәртібіне сәйкес қатысушылар Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін күшейту, қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылайды.

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

Отырыста мына спикерлер сөз сөйлейді:

Мұрат Абдуламитұлы Әбенов – Оқу-ағарту және балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі;

Зұлфухар Сұлтанұлы Ғайыпов – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі;

Ерлан Бейсенұлы Тоқшалық – Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі;

Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі;

Медицина факультетінің студенттері жаңа Конституция жобасын талқылады

Байділда Жылқышұлы Жылқышиев – Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі;

Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков – Абай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі.

Ассамблея жастары: Жаңа Конституция – болашақ ұрпақтың сенімді және тұрақты дамуының негізі

Соңғы жаңалықтар