• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:03

8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды

0 рет
көрсетілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік, батыс өңірлер мен қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлығы 122 қосымша вагон қызметке қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Вагондар әсіресе Астана – Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және басқа да сұранысы жоғары бағыттарға бағытталады.

Жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында комиссиясыз сатылады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығында беріледі. Пойыз қозғалысын tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан бақылауға болады.

Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды

Соңғы жаңалықтар