АТЫРАУ. 26 наурыз. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы болып Сағынбек Өмірзақов тағайындалды. Оны ұжымға еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко таныстырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сағынбек Өмірзақов еңбек жолын Атырауда бастаған. Көкшетаудағы техникалық институтты бітірген. 1988 жылы Балықшы кентіндегі №4 өрт сөндіру бөлімінің басшысы болды. Сондай-ақ, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде басшының орынбасарлығына дейінгі лауазымдық баспалдақтан өтті. Осы кезге дейін Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.