• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2015

Хайнань аралында отандасымыз қаза тапты

270 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 наурыз. Қытайдың Хайнань аралында жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы mail.ru хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға 21 наурызда болған. Соның салдарынан 1990 жылы туған Артур Әбсәлямов есімді отандасымыз қаза тапқан. Қазіргі таңда еліміздің Бейжіңдегі консулдығы осы мәселеге қатысты жұмыс істеуде. «Қазір біздің қызметкерлер Хайнань аралында жүр. Олар қаза тапқан отандасымыздың мүрдесін Қазақстанға жеткізу мәселесі бойынша қажетті құжаттарды дайындап, көмек көрсетуде», – делінген Министрліктің мәлімдемесінде. Ведомствоның хабарлауынша, Әбсәлямовтың мүрдесін Қазақстанға жеткізу кезінде кететін шығынды оған жұмыс беруші тарап өз мойнына алған. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: mail.ru.
Соңғы жаңалықтар