АСТАНА. 26 наурыз. Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана арландары» келесі кездесуін «АҚШ нокаутшыларына» қарсы өткізеді. АҚШ-тың Майами қаласында өтетін айқаста шаршы алаңға шығатын қарсыластар белгілі болды. Бұл туралы astanaarlans.kz хабарлады.
Сонымен алдағы сенбіде мына боксшылардың жекпе-жектеріне куә боламыз:
49 кг. Джошуа Франко – Теміртас Жүсіпов;
56 кг. Франциско Мартинес – Мейірболат Тойытов;
64 кг. Тайрек Ирби – Самат Бәшенов;
75 кг. Кэлвин Хендерсон – Мейірім Нұрсұлтанов;
91 кг. Эдриан Тэйлор – Василий Левит.
Қос команда арасындағы тартыс 28 наурыз күні Астана уақытымен таңғы 06:00-де басталады. Кездесудің жазбасы «Хабар» телеарнасынан 29 наурыз күні сағат 23:40-та көрсетіледі деп жоспарлануда. Десек те, айқасты aibaboxingtv.com сайтынан тікелей эфирде көруге болады.
Бұл - біздің команданың маусымдағы 11-кездесуі. Осыған дейінгі 10 матчта жеңіске жеткен «арландар» бүгінде 30 ұпаймен «В» тобында көш бастап тұр. Ал «нокаутшылар» 3-сатыда келеді (18 ұпай). Алғашқы айналымда боксшыларымыз америкалықтарды 5:0 есебімен жеңгені есімізде.
Осы кездесуден кейін Марат Жәкиев бастаған «арландар» Лас-Вегасқа ат басын бұрады. Ол жақта командамыз Рой Джонстың спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: astanaarlans.kz.