• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2015

«Ислам мемлекетінің» содырлары өзбек шекарасына жетті

367 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 наурыз. Өзбекстанның Ұлттық Қауіпсіздік қызметі ел шекарасында бой тасалап жүрген «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының содырларынан қауіптенеді. Әсіресе, Ауғанстанмен шекарадағы лаңкестер өте белсенді. Сондай-ақ, түрікмен-өзбек шекарасында да содырлар жиі төбе көрсетіп жүр. Бұл туралы news-asia.ru хабарлады. Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің сарапшысы Бахтиер Шарафовтың айтуынша, Ауғанстанға шоғырланған экстремистер Өзбекстан мен Орталық Азия елдеріне үгіт-насихат жүргізу үшін өз адамдарын жіберген. «Орталық Азияның басты қақпасы саналатын Өзбекстан шекарасында «Ислам мемлекеті» содырларының пайда болуы өңірде лаңкестіктен төнген қауіпті күшейтті. Уақыт өткен сайын экстремистік ұйыммен соғыстың аясы кеңейіп келеді. Соның салдарынан әскери және басқа да соғыс тәсілдері қолданылуда. Біздер Солтүстік Ауғанстандағы жергілікті жихадшылар мен лаңкестік топтың бірігіп әрекет етуінен қауіптенеміз», – дейді Бахтиер Шарафов. Осыған дейін сарапшылар Ауғанстаннан АҚШ әскері шығарылса, содырлардың белсенділігі артуы мүмкін екенін бірнеше рет айтқан болатын. Еламан Қоңыр. Дерек: news-asia.ru. Сурет: cont.ws.