• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 11:25

ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?

10 рет
көрсетілді

Мексикада есірткі картелі жетекшісінің қазасынан кейін басталған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты халықаралық спорт қауымдастығы алаңдаулы. Алайда әзірге 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының жарыс кестесін өзгерту туралы ресми шешім қабылданған жоқ. FIFA Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мексикалық «Жаңа буын Халиско» (CJNG) есірткі картелінің жетекшісі Немесио Рубен Осегера Сервантес (лақап аты Эль Менчо) өлтірілгеннен кейін елдің бірқатар аймағында тәртіпсіздік өршіді. Қарулы топтар жолдарды жауып, автокөліктерді, банктер мен дүкендерді өртеген. Толқудың негізгі ошақтарының бірі – Халиско штаты. Оның әкімшілік орталығы – Гвадалахара қаласы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезең ойындарын қабылдауы тиіс.

Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды

Тәртіпсіздіктер салдарынан Мексика футбол лигаларындағы бірнеше матч кейінге шегерілді. Жанкүйерлерге стадиондарға келмеу жөнінде ескерту жасалып, кейбір командалар мен ойыншылар алаңнан эвакуацияланған. Осыған байланысты FIFA Гвадалахарадағы ахуалды ерекше бақылауға алған. Дегенмен әлем чемпионаты ойындарын басқа қалаға ауыстыру немесе турнир күнтізбесіне өзгеріс енгізу жөнінде ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке сатылды

CBS News таратқан дерекке сәйкес, Эль Менчоның көзін жоюдан кейінгі қақтығыстарда 73 адам қаза тапқан. Мексиканың қауіпсіздік министрі Омар Гарсия Харфухтың мәлімдеуінше, Халиско штатында 6 бөлек шабуыл барысында Ұлттық гвардияның 25 әскери қызметкері мерт болған. Сонымен қатар шамамен 30 күдікті қылмыстық топ мүшесі жойылып, тағы 4-еуі көршілес Мичоакан штатында өлтірілген. Халиско, Мичоакан және Гуанахуато штаттарының билігі жексенбі күні кемінде 14 адамның қаза тапқанын, олардың 7-еуі әскери қызметкер екенін хабарлады.

Қалыптасқан жағдай әлемдік доданы ұйымдастыруға әсер ете ме, жоқ па, бұл алдағы уақыттың еншісінде. Әзірге халықаралық футбол ұйымы қауіпсіздік мәселесін басты назарда ұстап отырғанын мәлімдеумен шектелді.

«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?

Соңғы жаңалықтар