• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды

0 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық соты  аудан тұрғыны Евгений Люфті бөтен ел әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғысқа қатысқаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол 2025 жылғы 2 ақпанда табыс табу мақсатында Ресейге кеткен. Бұған дейін алаяқтық әрекеттерге араласып, дропперлік схема арқылы Павлодар қаласының егде жастағы тұрғынының 1 миллион теңгесін иемденгені анықталған. Сот шешімімен келтірілген шығынды өтеуге міндеттелген. Сонымен қатар оның өзге де алаяқтық схемаларға қатысы бары белгілі болды.

Ресейге барғаннан кейін оны «Ленинград вокзалында» өздерін волонтер ретінде таныстырған жастар қарсы алып, кейін келісімшарт негізінде Украинаның Бахмут қаласындағы әскери қимыл аймағына жіберген.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Сот процесі барысында айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, заңсыз әрекеттері дәлелденіп, ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті

Соңғы жаңалықтар