• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:47

Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?

10 рет
көрсетілді

Әуе кеңістігінің жабылуына және рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты Қазақстан азаматтарын Ираннан құрлық арқылы шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. 

Министрліктің мәліметінше, қазақстандықтарды Иранмен шекараласып жатқан төрт ел арқылы эвакуациялау қарастырылған:

Иран – Әзербайжан

Иран – Армения

Иран – Түркия

Иран – Түрікменстан

Азаматтарға Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланысып, шығу бағытын алдын ала келісу ұсынылады.

Қауіпсіздік бойынша ұсыныстар

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың күрт ушығуына байланысты Иран аумағында уақытша немесе тұрақты жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуге кеңес беріледі:

адамдар көп жиналатын орындарға бармау;

жергілікті билік пен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты бақылау;

аса қажет емес сапарларды шектеу;

жеке басын куәландыратын құжаттарды үнемі өзімен алып жүру;

төтенше жағдайларға дайын болу;

Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.

Байланыс нөмірлері

Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін ашты:

Тегеран қаласындағы елшілік: +98 21 2256 5933 +98 936 208 4672 (WhatsApp)

Горган қаласындағы Бас консулдық: +98 912 298 0350 +98 173 252 0443 +7 701 771 34 01 (WhatsApp)

Бендер-Аббас қаласындағы консулдық: +98 930 298 57 03 (WhatsApp)

Аталған байланыс арналары арқылы азаматтар консулдық көмек сұрап, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

СІМ дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Иранда 96 Қазақстан азаматы бар. Өзге қақтығыс аймағындағы елдердегі қазақстандықтардың саны әзірге нақтыланбаған.

 Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жедел байланыс желілерінің нөмірлерін жариялады
Соңғы жаңалықтар