• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 13:30

Астанадағы әуежайда рейстер кестесі өзгеруі мүмкін

10 рет
көрсетілді

Астана әуежайы кейбір халықаралық рейстердің кестесі өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабарламада атап өтілгендей, Таяу Шығыстың кейбір аймақтарындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты, сол елдерге немесе сол елдер арқылы ұшатын рейстердің кестесінде өзгерістер болуы ықтимал.

Жолаушыларға сапарға шығудан бұрын өз авиакомпаниясынан рейс мәртебесін тексеру ұсынылады.

Әуежай баспасөз қызметі мәлімдегендей, Астана әуежайы авиакомпаниялармен үнемі байланыста болып, жағдайды бақылауда ұстап, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.

Айта кетейік, Air Astana әуе компаниясы 28 ақпаннан бастап Таяу Шығыс бағытындағы барлық рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді.  
Соңғы жаңалықтар