• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:48

Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды

10 рет
көрсетілді

Аталған жағдай Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік фитосанитариялық бақылау және жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алу барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Фитосанитария» жүргізген карантиндік сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталып отыр.

«Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Қауіпті Нипах вирусы және қызылша: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті

Аталған министрлік сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады

Соңғы жаңалықтар