• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 14:49

«Реал» тағы да бапкер ауыстырады

10 рет
көрсетілді

Пепе Альварестің мәліметінше, «Реал Мадрид» клубы бапкерлік құрамға қатысты нақты шешім қабылдаған. 6 наурыз күні өтетін Сельта командасына қарсы кездесуден кейін Арбелоа ресми түрде қызметінен кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша 11 наурызға жоспарланған «Манчестер Сити» клубына қарсы ойында мадридтіктерді басқа бапкер алаңға бастап шығуы тиіс.

«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады

43 жастағы испан маманы тізгінді 13 қаңтарда қолға алған болатын. Осы уақыт аралығында команда 8 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліс тапты. 26 тур қорытындысы бойынша 60 ұпай жинаған мадридтік клуб Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Көш басындағы «Барселона» командасынан 4 ұпайға артта келеді.

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

Соңғы жаңалықтар