• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 09:49

«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

30 рет
көрсетілді

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Виталий Жуковский екіжақты келісімге сәйкес қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті футбол клубы баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, Виталий Жуковский «Атырау» клубына алғаш рет 2022 жылдың жазында бас бапкер болған.

«Виталий Жуковскийдің жетекшілігімен футбол клубы үш жылдан астам мерзімде қарсыластарға қарсы 85 ойын өткізді. Оның ішінде 28 матчта жеңіске жетті. Ал 28 кездесу тең аяқталды. Команда футболшылары қарсы командалардан 29 рет жеңілді», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Атырау футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Соңғы жаңалықтар