• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 10:31

66 млн теңге шығын: Стоматологиялық клиниканың «Damumed» арқылы жасалған алаяқтығы әшкере болды

10 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген стоматологиялық қызметтерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тергеу барысында стоматологиялық клиникалардың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы құны 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы келісімшарттар жасағаны анықталған. Келісімге сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуі тиіс болған.

Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды

Алайда күдікті «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған деректер енгізуді ұйымдастырған. Нақтысында бұл қызметтер пациенттерге көрсетілмеген.

Заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында ол дәрігерлердің есептік жазбаларын және клиникаға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.

Тергеу нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетілгені туралы расталмаған 4 597 жағдай анықталды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 66 млн теңгені құрады.

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарындағы 23 млн теңге қаражатқа және құны 29 млн теңге болатын стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды.

Тергеу барысында күдікті келтірілген залалдың 11 млн теңгесін өтеген. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген

Соңғы жаңалықтар