Нахчыван әуежайының аумағында ирандық дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қатысты кадрларды APA агенттігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дрон ұшу-қону жолағына жақын маңда құлағаннан кейін әуежай аумағында өрт шыққан. Әуежай Нахчыван Автономиялық Республикасы әкімшілік орталығында орналасқан және Иран шекарасынан шамамен 30 шақырым қашықтықта жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, құлаған аппарат ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Әзербайжан ресми органдары оқиғаға қатысты толық түсініктеме берген жоқ.
Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыстан кейін өрт тұтанған орынға өрт сөндіру және құтқару қызметтері жіберілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады. Құзырлы органдар дронның ұшу бағытын анықтап, оқиғаны тексеріп жатыр.
Қауіпсіздік мақсатында кейбір әуе рейстері кешіктіріліп немесе басқа бағытқа жіберілуі мүмкін екені айтылғанымен, әуежайдың жұмысына қатысты ресми деректер әзірге жарияланбады.
Катардың Қорғаныс министрлігі Иранның екі ұшағын жойды