• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:00

Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды

20 рет
көрсетілді

2026 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты «Палау орталығы» дәмханасының иесін екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берген. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған өртке қатысты қылмыстық істің тергеу барысын Бас прокуратура бақылауда ұстап отыр. 

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкеп соғу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде дәмхана иесі екі ай мерзімге қамауға алынды.

Еске салайық, дәмханада газ жарылысынан кейін шыққан өрт салдарынан 9 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр және орташа ауыр деп бағаланған.

Соңғы жаңалықтар