• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:08

Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті

10 рет
көрсетілді

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі ел аумағына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына қатысты ресми мәлімдеме жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Министрліктің Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, бір ұшқышсыз ұшу аппараты Нахчыван әуежайы терминалының ғимаратына түскен, ал тағы бір дрон Шакарабад ауылындағы мектептің маңына құлаған.

Дрон шабуылының салдарынан ғимараттарға зақым келіп, екі бейбіт тұрғын жарақат алған.

«Иран Ислам Республикасының аумағынан жасалған, әуежай ғимаратына зақым келтіріп, екі бейбіт тұрғынның жарақат алуына әкелген бұл дрон шабуылдарын біз қатаң айыптаймыз», делінген мәлімдемеде.

Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр

Ведомствоның мәліметінше, Әзербайжан аумағына жасалған мұндай шабуыл халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын бұзып, өңірдегі шиеленістің күшеюіне себеп болады.

Елдің Сыртқы істер министрлігі Ираннан қысқа мерзім ішінде ресми түсініктеме беруді, оқиға бойынша тергеу жүргізуді және мұндай шабуылдардың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдауды талап етті.

Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ Иранның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған наразылық нотасы табысталатыны хабарланды.

Катардың Қорғаныс министрлігі Иранның екі ұшағын жойды

Соңғы жаңалықтар