ЕКІБАСТҰЗ. 13 мамыр. Ақкөл-Шідерті ауылында «Тағзым» ескерткіші және саябақ ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шараға Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк, ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Ұлы Отан соғысына ауылдан 116 адам кетіп, 47-і оралмапты.
Ескерткіштің ашылуына «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров демеушілік жасады. Жоба авторы – Бота Машрапов.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz