• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 14:25

Министрлік: Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр

10 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде қызылша жұқтырғандар саны өскенін хабарлады. Министрлік мәліметінше, ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмағандар екен, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері елімізде қызылша жұқтыру дерегі бойынша 4 184 жағдай тіркелген. Ауру жұқтырғандардың − 83,8%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Өткен аптада қызылша жұқтырғандар көрсеткіші алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.

Оны жұқтырғандардың 77%-ы екпе алмағандар екені анықталды. Ал екпе салдырмау жағдайының 55%-ында ата-аналар екпе ектіруден ерікті түрде бас тартқан.

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

«Қазір елімізде инфекция ошақтарын оқшаулау және оның таралуын болдырмау мақсатында ауқымды эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Балаларды жоспарлы және қосымша вакцинациялау тоқтаған жоқ. Ауру ошағында байланыста болған адамдарға шұғыл вакцинациялау жүргізіледі. Сондай-ақ байланыста болған адамдарға 21 тәулік бойы күнделікті медициналық бақылау ұйымдастырылған. Ал балабақшаларда қызылша жағдайлары тіркелген кезде екпе алмаған балалар уақытша балабақшаға келуіне рұқсат етілмейді», делінген министрлік таратқан хабарламада.  

Қызылша жұқтырған балалар көбейген: Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

Иммунопрофилактика мәселелері жөніндегі Республикалық штаб отырыстарында аумақтық денсаулық сақтау департаменттері басшыларының есептері қаралып, Жамбыл облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен иммундық препараттарды сатып алуға қосымша қаражат бөлінді.

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

Айта кетейік, министрлік соңғы 8 жылдың ішінде елде екпеден бас тарту жағдайлары 4,8 есеге артқанын, бұл үрдіс ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне тікелей әсер етіп, жағдайды толық тұрақтандыруға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар