Қарқаралы қаласынан 15 км қашықтықта жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлгінің мәліметінше, көлік ішінде екі адам болды.
Құтқарушылар жедел түрде арнайы жол талғамайтын көлікпен келіп, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарды дауылды ескертулерді ескеруге және ауа райының нашарлауы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуға шақырады.
Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды