• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:46

Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды

10 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін Қазақстан азаматы жоғалып кеткен еді. Үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде отандасымыздың сүйегі табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, марқұмның сүйегі арнайы сараптамаға жолданған. Ерлан Жетібаевтың айтуынша, әзірге сараптама нәтижесі дайын емес.

«Қазір сараптама қорытындысы алынған жоқ. Корея тарапы ақпарат берген бойда марқұмның туыстарына хабарланады», деді министрлік өкілі.

Еске салайық, 30 қаңтарда Оңтүстік Корея Республикасының Мэндон-мён қаласында азық-түлік пен сусын өндіретін кәсіпорында өрт шыққан еді. Оқиғадан кейін 81 қызметкер эвакуацияланған, алайда екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстанның бір азаматы із-түзсіз жоғалған болатын.

ІІМ азаматтарға үндеу жасады: Шетелде жұмыс істеймін деп сан соғып қалмаңыз

 

Соңғы жаңалықтар