«Ел Дауысы» қоғамдық қорының тәуелсіз бақылаушылары сағат 05:30-дан бастап сайлау учаскелеріне келе бастады. Учаскелер ресми түрде ашылған сәтте қордың ел бойынша барлық өкілдері өз орындарында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қордың мәліметінше, бақылаушылар сайлау учаскелерінің жұмысы басталған алғашқы минуттардан бастап дауыс беру барысын және рәсімдердің сақталуын тіркеу үшін алдын ала дайындықтан өткен.
Референдум: Қазақстан азаматы Сеулде алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Қор өкілдері ерте келу бақылаушыларға учаскелердің ашылу процесіне, дауыс беру жәшіктерін тексеруге, бюллетеньдерді дайындауға және басқа да ұйымдастыру шараларына қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл – сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етудегі қоғамдық бақылаудың маңызды бөлігі.
Сеул мен Токиодағы референдум учаскелерінде қазақстандықтар дауыс бере бастады