Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Конституция − елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі. Оның басты қағидасы − билік халықтың қолында. Сондықтан мемлекеттің болашағын халық анықтайды. Бұл − демократиялық қоғамның негізгі принципі», деді Шайназаров.
Ол Қазақстанда референдумға дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Филиппиндік бақылаушы: Дауыс санау барысы ашық өтті
Халықаралық бақылаушының сөзінше, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера сезіліп, азаматтар жоғары деңгейде белсенділік танытқан.
Тәуелсіз бақылаушылар: Бюллетеньдерді суретке түсіріп, интернетке жариялағандар болды
«Мен барған учаскелерде адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Сайлаушылар белсенді қатысып, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Учаскелерде мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды», деді ол.
Сөз соңында Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан халқына референдумның өтуімен құттықтап, елге тұрақтылық тіледі.
«AMANAT» партиясында референдум барысында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысы қорытындыланды