Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы санының 73,12 %-ын құрады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешімді қолдап дауыс берген азаматтардың саны 87,15 %-ды құрады.
«Жаңа Конституцияның қабылдануы волонтерлікті дамытуға және волонтерлік қозғалысты нығайтуға кең мүмкіндіктер ашады. Бүгінде волонтерлер әлеуметтік, экологиялық және гуманитарлық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып, ел бойынша мыңдаған жанашыр азаматтарды біріктіріп отыр», делінген хабарламада.
Ұлттық волонтерлік желі волонтерлікті дамыту және волонтерлік ұйымдарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді.
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады