Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдай халықаралық спорт күнтізбесіне де әсер етті. Биыл сәуір айында өтуі тиіс Формула-1 жарыстарының Бахрейн және Сауд Арабиясындағы кезеңдері өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық автомобиль федерациясы (FIA) мен жарыс ұйымдастырушыларының мәліметінше, бұл шешім аймақтағы әскери әрекеттерге байланысты қабылданған. Қауіпсіздік мәселесі басты орынға қойылып, екі Гран-при күнтізбеден алынып тасталды.
Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды
Осылайша, жарыс маусымында күтпеген үзіліс пайда болды. 29 наурызда өтетін Жапония Гран-приінен кейін келесі жарыс тек 3 мамырда Майамиде жалғасады. Ұйымдастырушылар бұл аралыққа басқа кезеңдерді ауыстыру жоспарланбағанын мәлімедеді.
Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады
Сонымен қатар негізгі жарыстармен қатар өтетін қосымша сериялар да тоқтатылды. Атап айтқанда, Формула-2, Формула-3 және F1 Academy кезеңдері де осы шешімге сәйкес өткізілмейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай спорттың саясаттан толық оқшау бола алмайтынын тағы бір мәрте көрсетті. Қауіпсіздік пен тұрақтылық – кез келген халықаралық жарыстың басты шарты.