• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Наурыз, 2026

22 наурызда Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы тасжолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2026 жылғы 22 наурыз сағат 08:30-дегі жағдай бойынша келесі бағыттарда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған:

Ақмола облысы

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 346-407 шақырымы (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы аралығы).

Солтүстік Қазақстан облысы

Аталған автожолдың 407-429 шақырымы (Ақмола облысы шекарасы – Чистополье ауылы);

«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30 шақырым (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы (Қалқаман жол айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс).

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Осинов асуында күрделі таулы жағдайларға байланысты 2024-2025 жылғы қыс мезгілінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген. Шектеу 46-66 шақырым аралығында (Северный ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласына бұрылыс).

Қазақстанда Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар