• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Наурызнама Бүгін, 15:45

«Тазару күні»: Ертең елімізде аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өтеді

10 рет
көрсетілді

2026 жылдың 23 наурызында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында, еліміздің барлық аймақтарында Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орайластырылған аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тазару күні» – бұл қоғам табиғи жерлер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазартуға күш салатын күн. Бұл қоршаған ортаны таза етудің жолы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді. Тазару күнінде «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке», су айдындарын тазалау және ағаш отырғызу шаралары өткізіледі.

«Біз барлық азаматтарды белсенді қатысуға және таза қоршаған орта үшін күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз», деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Наурызнама онкүндігі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді

Соңғы жаңалықтар