• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 09:38

Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді

20 рет
көрсетілді

Әлемнің екінші ракеткасы атанған отандасымыз, теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.

Жартылай финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға екі сетте есе жіберді – 4:6, 3:6. Бұл – қос теннисшінің өзара 17-ші кездесуі. Осылайша, жеке кездесулердегі жалпы есеп 10:7 болып, Соболенконың пайдасына шешілді.

Ал Miami Open турнирінің екінші жартылай финалында америкалық теннисші Кори Гауфф чехиялық Каролина Мухованы айқын басымдықпен ұтты – 6:1, 6:1. Нәтижесінде, турнир финалында Гауфф пен Соболенко чемпиондық атақты сарапқа салады.

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Майамидегі сәтті өнерінен кейін Кори Гауфф WTA рейтингінде үшінші орынға көтеріліп, бұл позициядан польшалық Ига Швёнтекті ығыстырмақ.

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды

Соңғы жаңалықтар