• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:38

Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ

20 рет
көрсетілді

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында елдегі су тасқыны жағдайы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Елде су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталған. Қазір жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шаралардың 92%-ы орындалған.

1-наурыздан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел су тасқынына қарсы штабы жұмысқа кірісіп, жағдай тәулік бойы бақылауға алынған.

Арқалықта су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Өңірлерде бөгендер нығайту, өзен арналары тазарту, тереңдету, дренаж жүйелері мен каналдар жөндеу мен су өткізу құрылыстарын жаңарту сынды ауқымды жұмыстар жүргізілген.

Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

Бұл шаралардың нәтижесінде 234 елді мекен су тасқынынан қорғалып, 736 елді мекен үшін су басу қаупі төмендетілген. Ал 1 242 су тасқыны қаупі бар елді мекеннің 272-сінде қауіп әлі де сейілмеген.

Оңтүстік өңірлерде су тасқыны қаупі кезеңі аяқталды. Қазір су тасқыны қаупінің шарықтау кезеңі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында сақталып тұр.

Су тасқыны қаупі – басты назарда

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Абай облыстарындағы жағдай бақылауға алынған.

Наурыз айының басынан бері Абай облысында жеке тұрғын үйлерді су басудың 6 жағдайы тіркелді. Олар ауа температурасының күрт жылынуы мен жауын-шашынның салдарынан болған. Қазіргі таңда аталған жағдайдың салдары жойылған.

Министрлік өңірлердегі жағдай жерден де, әуеден де бақылау жалғасатынын мәлімдеді.  

Соңғы жаңалықтар