• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Қазақстанда 72 мың бала дене шынықтыру сабағынан босатылған

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда 72 мың бала түрлі себептер бойынша дене шынықтыру сабағынан босатылған. Бұл мәліметті Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, елде 70% жастар мен ересектер спортпен айналыспайды.

«Біз қантты сусындар мен фастфуд сияқты аурулардың себебіне әсер ете аламыз. Диабетке қарсы дәрі-дәрмекке шексіз қаржы бөлуге болады, бірақ бастысы – аурудың туындау себептерін жою. Жасөспірімдердің белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын дамыту қажет. 72 мың бала дене шынықтыру сабақтарынан босатылған. Қоғамның өз мінез-құлқын өзгерту керек, сол кезде осы аурулар азаяды», деді Байжусунов.

Сонымен қатар, Қазақстанда жыл сайын әр 100 адамның бірінде қант диабеті анықталады. Соңғы 20 жылда науқастар саны төрт есе көбейіп, 126 мыңнан 500 мыңға жеткен.

Диабетпен ауыратын адамдардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне 50,4 млрд теңге, стационарлық емге тағы 5 млрд теңге бөлінген.

Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту туралы заң мақұлданды

Сарапшылар болжамынша, 2030 жылға қарай науқастар саны 930 мыңға жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар